Қазақстан-Марокко: биологиялық қауіпсіздік және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

34 көрініс
Қазақстан-Марокко: биологиялық қауіпсіздік және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары

2025 жылғы 7 қарашада «QazBioPharm» ұлттық холдингі» АҚ, «Биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институты» ЖШС және Пастер институты (Institut Pasteur du Maroc) өкілдерінің қатысуымен онлайн-кездесу өтті.
Іс-шара Қазақстан Республикасының Марокко Корольдігіндегі Елшілігінің қолдауымен ұйымдастырылды.

Ынтымақтастықтың мақсаты – эпидемиология, инфекциялық аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес салаларында тәжірибе алмасу, сондай-ақ адамдар мен жануарлардың денсаулығына қауіп төндіретін инфекциялар мен олардың қоздырғыштары жөніндегі талдамалық деректермен өзара бөлісу және серіктестік байланыстарды дамыту.

Келіссөздер сындарлы және нәтижелі жағдайда өтті. Оның қорытындысы бойынша биологиялық қауіпсіздік және инфекциялық ауруларды зерттеу саласында өзара түсіністік пен ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қою жөнінде алдын ала уағдаластыққа қол жеткізілді.

Көпшілікке белгілі, Мароккодагы Пастер институты – биомедициналық зерттеулер мен қоғамдық денсаулық сақтау саласындағы жетекші ұлттық орталық болып табылады. Халықаралық Пастер институттары желісінің мүшесі ретінде ол инфекциялық ауруларды мониторингтеу, вакцина мен сарысу өндіру, сондай-ақ жоғары білікті мамандар даярлау бағытында жұмыс істейді. Институт вирусология және бактериология саласында мойындалған ғылыми әлеуетке және биологиялық қауіпсіздік деңгейі BSL-3 зертханалық зерттеулерін жүргізуге мүмкіндігіне ие.

Қазақстан-Марокко: биологиялық қауіпсіздік және ғылыми зерттеулер саласындағы ынтымақтастықтың жаңа бағыттары