Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТƏСІЛДЕРІ»

46 көрініс
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТƏСІЛДЕРІ»

«QazBioPharm» Ұлттық холдингі» Акционерлік қоғамы 2025 жылғы 27-28 қараша күндері Астана қаласында «Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын (әрі қарай – Конференция) өткізеді.

Оқиға туралы

Аталған Конференция биологиялық қауіпсіздік саласындағы заманауи қатерлерді талқылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық жетістіктерімен алмасу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру алаңы болмақ.

Конференцияға қатысуға биологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ветеринария, микробиология, фармацевтика және өзге де іргелес салаларда жұмыс істейтін халықаралық сарапшылар, ғалымдар, академиялық мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен өндіріс компаниялары шақырылады.

250-ден аса қатысушы 70-тен аса ғылыми баяндама жасайды деп күтілуде.

Бас демеушілер: Zalma LTD және  Boehringer Ingelheim.

Іс-шара мақсаты

Биологиялық қауіпсіздік саласындағы өзекті сын-қатерлерді талқылау, ғылыми нәтижелерменалмасу, халықаралық өзара іс-қимылды күшейту және биологиялық қатерлерге дайындықты арттыруғабағытталған практикалық ұсынымдар әзірлеу.

Конференцияның негізгі бағыттары

Екі күн ішінде төрт стратегиялық маңызды бағыт қарастырылады:

  1. Эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайды, сыртқы және басым ішкі биологиялық қауіп-қатер көздерін мониторингілеу;
  2. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарын анықтауға арналған диагностикалық құралдардыәзірлеудің заманауи тәсілдері;
  3. Инфекциялық ауруларға қарсы иммунобиологиялық препараттарды әзірлеудің технологиялық трендтері;
  4. Микроағзалардыңдәріге төзімділік проблемалары және оны шешу жолдары.

Бағдарламаның эксклюзивтері мен жаңалықтары

  • «Биологиялыққауіпсіздік»консорциумыныңғылыми-техникалықбағдарламасышеңберінде үшжылдықзерттеулердіңнәтижелеріұсынылатынболады;
  • Ғылымды қажетсінетін өнімдеркөрмесіөтеді;
  • Жаңаәзірлемелер,енгізугедайын иммунибиологиялық препараттар,диагностикалықжәнедәрілікзаттартаныстырылады;
  • Биологиялыққатерлергеденқоюдыңхалықаралықтәжірибесіталқыланады.

БАҚ мүмкіндіктері

Журналистер үшін конференцияның эксклюзивті материалдары мен іс-шаралары қол жетімдіболады, соның ішінде:

  • іс-шараның барлық кезеңіне аккредиттеу;
  • негізгіспикерлерменсұхбатұйымдастыру;
  • медиа-материалдарғажәнебаспасөзорталығыныңжұмысына қол жетімділік;
  • көрмеаймағы бойынша біргежүру;
  • шеберліксабақтаржәнетәжірибеліктаныстырылымдардыәзірлеу;
  • шешімдерменалмасужәнебірлескенжобаларқұруүшін желілік сессиялар.

          Журналистер эксклюзивті сұхбаттарға, әзірлемелер таныстырылымына және отандық денсаулықсақтау, ветеринария және фармацевтика үшін практикалық маңызы бар материалдарға қол жеткізеалады.

Ұйымдастырушы туралы

Қазақстандағы фармацевтикалық ғылым мен инновацияның ордасы. Негізгі қызметі – биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, биофармацевтикалық нарықтың инфрақұрылымын тұрақты дамыту және жетілдіру, ғылыми зерттеулер жүргізу және денсаулық сақтау мен ветеринария саласында ұлттық ғылыми база қалыптастыру.

Бүгінде Холдинг құрамына тарихы 100 жылдан асқан ұйымдарды қоса алғанда, 8 ғылыми-өндірістік еншілес ұйым кіреді. Олар: «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» ЖШС, «Масғұт Айқымбаев атындағы аса қауіпті инфекциялар ұлттық ғылыми-зерттеу орталығы» ЖШС, «Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринариялық институты» ЖШС, «Ұлттық биотехнология орталығы» ЖШС, «Инфекцияға қарсы препараттардың ғылыми орталығы» АҚ, «Республикалық микроорганизмдер коллекциясы» ЖШС, «OtarBioPharm» ЖШС және «БиоМедПрепарат» ғылыми-талдау орталығы» ЖШС.

Қазақстанда әзірленген алғашқы COVID-19-ға қарсы вакцина QazVac-тың авторы – QazBioPharm ғалымдары. Бұл жетістік еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетінің жоғары деңгейін айқын көрсетті

Аккредиттеу үшін және қосымша ақпарат бойынша байланыс:

Холдингтің баспасөз қызметі – Жетпісова Гүлнара Сағындыққызы, 8 702 348 29 91,

g.zhetpisova@qbp-holding.kz

 

Халықаралық ғылыми-практикалық конференция «ЖАҺАНДЫҚ ҚАТЕРЛЕР ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ БИОЛОГИЯЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК: ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ТƏСІЛДЕРІ»