Иордания делегациясы «QazBioPharm» Ұлттық холдингіне келді

234 көрініс
Иордания делегациясы «QazBioPharm» Ұлттық холдингіне келді

2025 жылғы 26 тамызда Иордания Королі Абдалла II бен әл-Хусейннің Қазақстанға ресми сапары аясында «QazBioPharm» Ұлттық холдингіне иорданиялық «DADvet» компаниясының делегациясы келді.

Иордания тарапынан келіссөздерге:

  • Халед Харб (Mr. Khaled Abedalhameed Mahmoud Harb), бас директор;
  • Халед Шараф (Mr. Khaled Abdel Monem Faisal Sharaf), бизнесті дамыту жөніндегі директор;
  • Шакиб Салех (Mr. Shakeeb Mohd Rashiq Shakeeb Saleh), Директорлар кеңесінің мүшесі қатысты.

Сондай-ақ кездесуге Қазақстан Республикасының Иорданиядағы  Елшілігінің экономикалық сұрақтар бойынша кеңесшісі Раев Олжас қатысты.

Холдинг тарапынан делегацияны:

  • Аралбек Рсалиев, бас директордың міндетін атқарушы;
  • Даулет Алдынгуров, биологиялық қауіпсіздік жөніндегі бас директордың орынбасары;
  • Қайыржан Байжанов, маркетинг және өнімді ілгерілету департаментінің директоры;
  • Еркебұлан Сапарбеков, халықаралық ынтымақтастық және инвестиция тарту департаментінің директоры;
  • Мәди Кеңесбек, маркетинг және өнімді ілгерілету департаментінің бас менеджері қарсы алды.

Сапар барысында қонақтар Холдинг пен оның еншілес ұйымдарының қызметімен танысып, Ұлттық биотехнология орталығының Иммунохимия және иммунобиотехнология зертханасын, сондай-ақ Қолданбалы генетика зертханасын аралады. Делегация ерекше қызығушылықпен онкогематология саласындағы CAR-T терапиясының инновациялық әдісімен танысты.

Кездесу аясында тараптар екіжақты ынтымақтастықтың мүмкіндіктерін, өнімді экспорттау және тіркеу тәртібін, сондай-ақ бірлескен ғылыми-техникалық жобаларды дамыту мәселелерін талқылады.

Бұл сапар бұған дейінгі келіссөздердің заңды жалғасы болып, тараптардың фармацевтика саласындағы серіктестікті нығайтуға өзара мүдделі екендігін растады.

Документы

Наименование Тип и размер
, Смотреть Скачать