«Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы
«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды талқылау, тәжірибе алмасу және биологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында 2025 жылғы 27-28 қарашада Астана қаласында «Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді.
Аталған Конференция биологиялық қауіпсіздік саласындағы заманауи қатерлерді талқылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық жетістіктерімен алмасу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру алаңы болмақ.
Конференцияға қатысуға биологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ветеринария, микробиология, фармацевтика және өзге де іргелес салаларда жұмыс істейтін халықаралық сарапшылар, ғалымдар, академиялық мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен өндіріс компаниялары шақырылады.
Бас демеушілер: Zalma LTD және Boehringer Ingelheim.
Конференция аясында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық шешімдерді дамыту және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін қамтитын келесі тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өткізу көзделген:
1-секция. Эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайды, сыртқы және басым ішкі биологиялық қауіп-қатер көздерін мониторингілеу
2-секция. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарын анықтауға арналған диагностикалық құралдарды әзірлеудің заманауи тәсілдері
3-секция. Инфекциялық ауруларға қарсы иммунобиологиялық препараттарды әзірлеудің технологиялық трендтері
4-секция. Микроорганизмдердің дәріге төзімділік проблемалары және оны шешу жолдары.
Сонымен қатар, Конференция аясында ғылымды қажетсінетін өнімдер көрмесі өтеді.
Конференция сайтына өту
Документы
| Наименование | Тип и размер | |
|---|---|---|
| Жинаққа арналған материалдарға қойылатын талаптар | Смотреть Скачать | |
| Баспасөз релизі QazBioPharm | Смотреть Скачать |