Астанада Қазақстан–Иордания бизнес-форумы өтті
2025 жылғы 27 тамызда Астанада Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Иордания Королі ІІ Абдалла ибн әл-Хусейннің қатысуымен Қазақстан–Иордания бизнес-форумы өтті.
Форумға 100-ден астам қазақстандық және 50-ден астам иорданиялық компания, сондай-ақ министрліктер мен сауда-өнеркәсіп палаталарының өкілдері қатысты. Іс-шара барысында тараптар өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, логистика, білім беру және туризм салаларындағы ынтымақтастық перспективаларын талқылады.
Форум қорытындысы бойынша аграрлық, фармацевтикалық, ветеринарлық және қаржылық бағыттардағы өзара іс-қимылды дамытуға арналған бірқатар құжаттарға қол қойылды:
— ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Al Husseini Group арасында құс репродукторы жобасы және құс фабрикасын салу жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум;
— Astana International Exchange пен Amman Stock Exchange арасында өзара түсіністік туралы меморандум.
— «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» АҚ мен DadVet компаниясы арасында ветеринариялық өнімдер саласындағы жобалар бойынша өзара түсіністік туралы меморандум;
— «АлтИНФАРМ» ЖШС («Inkar» тобы) мен SanaPharma арасында фармацевтикалық өнімдерді дистрибуциялау жөніндегі келісімм
— «АлтИНФАРМ» ЖШС («Inkar» тобы) мен SanaPharma арасында технология трансферті және экспортты дамыту жөніндегі меморандум;
— «АлтИНФАРМ» ЖШС, «Қант диабетімен ауыратын балалардың ата-аналары комитеті» ҚҚ және SanaPharma арасында фармацевтика саласындағы ынтымақтастық жөніндегі меморандум.
Қол қойылған келісімдер Қазақстан мен Иордания Хашимиттік Корольдігі арасындағы сауда-инвестициялық әріптестікті нығайтудың жаңа мүмкіндіктерін ашады.