Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұлтқа аманат

29 көрініс
Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұлтқа аманат

Құрметті отандастар!

Сіздерді «QazBioPharm» Ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының атынан Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен шын жүректен құттықтаймыз.

Ұлы Жеңіс – халқымыздың жүрегінде мәңгі сақталған қасиетті ұғым. Бұл — ерлік пен елдіктің шынайы үлгісін көрсеткен батыр бабаларымыздың рухын ұлықтайтын ұмытылмас күн. Арада қанша жыл өтсе де, осы жеңіс — өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың символы болып отыр.

Ел басына күн туған сын сағатта от пен оқтың ортасына тайсалмай аттанған батыр ұл-қыздарымыздың ерлігі – ұлттық намыс пен өр рухтың айғағы. Олар шайқас алаңында ғана емес, тыл еңбек майданында да қажыр-қайрат пен төзімділіктің теңдессіз үлгісін көрсетті.

Бүгінгі ұрпақ бейбіт күннің бағасын терең сезініп, аға буынның қаһармандығынан өнеге алып келеді. Біз Жеңіс рухын ұлықтай отырып, барша ардагерлерге бейбіт өмір мен тәуелсіз елдің кемел болашағы үшін алғысымызды білдіреміз.

Осы мерекелік сәтте әр шаңыраққа амандық, құт-береке, жүректерге тыныштық тілейміз. Мәңгілік Ел болу жолындағы іс-қимыл баянды, Отанға деген адалдық пен ұлттық рух әрдайым биік болғай!

Ұлы Жеңіс: Ерлікке тағзым, ұлтқа аманат