Қазақстан QazBioPharm алаңында ДЗМҰ мен ЕАПК делегациясына биофармацевтикалық әзірлемелерін таныстырады

62 көрініс
Қазақстан QazBioPharm алаңында ДЗМҰ мен ЕАПК делегациясына биофармацевтикалық әзірлемелерін таныстырады

📅 Күні: 2025 жылғы 30 мамыр
🕰 Уақыты: 11:30
📍 Өтетін орны: Астана қаласы, Қорғалжын тас жолы, 13/5, «Ұлттық биотехнология орталығы» ғимараты

2025 жылғы 30 мамырда Қазақстанға ресми сапар аясында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (ДЗМҰ), Еуразиялық патенттік ұйымның (ЕАПК), сондай-ақ Қытай, Индонезия, Марокко, Армения, Әзербайжан, Тәжікстан және басқа да ТМД елдерінің ұлттық ведомстволарының делегациясы ҚР Әділет министрлігінің өкілдерімен бірге «QazBioPharm» ұлттық холдингіне барады.

Делегация құрамына зияткерлік меншік, инновациялар және ғылым салаларындағы жоғары лауазымды халықаралық сарапшылар кіреді. Олардың қатарында ДЗМҰ-ның Өтпелі және дамыған экономикасы бар елдермен жұмыс департаментінің директоры Асан Хабип, ДЗМҰ-ның Орталық Азия, Кавказ және Шығыс Еуропа елдері жөніндегі бөлім басшысы Илья Грибков, Еуразиялық патенттік ұйымның президенті Григорий Ивлиев, сондай-ақ CNIPA (Қытай), DGIP (Индонезия), MoroccoAI және басқа да ұйымдардың ресми өкілдері бар.

Қатысушыларға еліміздің ғылыми жетістіктерін әрі QazBioPharm қызметі мен жобаларын ҚР Президентінің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі Күнсұлу Закария және Холдинг басшылығы таныстырады.

Сапар аясында Ұлттық ғылыми биотехнологиялық зертхана, протеомика және масс-спектрометрия, биотехнология және өсімдіктер селекциясы зертханаларына бару жоспарланған.

Іс-шараны ақпараттық қолдау үшін журналистер мен БАҚ өкілдері шақырылады.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ: ғимаратқа кіру тек алдын ала аккредитация арқылы жүзеге асырылады!!!
Холдингтің баспасөз қызметі: 8 702 348 29 91, g.zhetpisova@qbp-holding.kz

Қазақстан QazBioPharm алаңында ДЗМҰ мен ЕАПК делегациясына биофармацевтикалық әзірлемелерін таныстырады

Документы

Наименование Тип и размер
Пресс-релиз ВОИС ру docx, 258 КБ Смотреть Скачать