Ғылым қызметкерлері күнімен құттықтаймыз!

Құрметті әріптестер!
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз — Ғылым қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтайды!
Бұл күн – еліміздің ғылым саласын дамытуға өлшеусіз үлес қосып жүрген ғалымдардың еңбегін мойындаудың айғағы. Сіздердің күнделікті ізденістеріңіз, табандылықтарыңыз бен жаңалық ашуға деген ұмтылыстарыңыз – биологиялық қауіпсіздік, фармацевтика және денсаулық сақтау салаларындағы атқарылып жатқан жұмыстардың алға басуының берік негізі.
Холдинг еліміздің биофармацевтикалық әлеуетін арттыру, инновациялық шешімдерді енгізу және ғылыми кадрларды қолдау жолында еңбек етіп жүрген еншілес ұйымдардағы барша ғалымдардың еңбегін жоғары бағалайды.
Осы мереке күні Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, тың идеялар мен жаңа жетістіктер тілейміз. Еңбектеріңіз әрқашан лайықты бағаланып, ғылым жолындағы ізденістеріңіз жемісті болсын!
Ізгі ниетпен,
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі
