Жұмыс орнында электр энергиясын үнемдеу – әрқайсымыздың міндетіміз

Қазіргі таңда энергия тиімділігі – ұйымның тұрақты дамуына ықпал ететін маңызды факторлардың бірі. Кеңседегі қарапайым әрі жүйелі әрекеттер арқылы біз артық шығынның алдын алып қана қоймай, экологиялық жауапкершілігімізді де күшейтеміз.
«QazBioPharm» Ұлттық холдингі жұмыс барысында энергияны үнемдеуді корпоративтік мәдениеттің бір бөлігі ретінде қарастырады. Осы бағытта Холдинг қызметкерлерін қолжетімді және тиімді шешімдерді күнделікті тәжірибеге енгізуге шақырады.
Кеңседе энергияны үнемдеудің тиімді тәсілдері:
- Кабинеттен шыққанда немесе жиналыс аяқталған соң жарықты сөндіру;
- Жұмыс күні соңында компьютер, монитор, принтер сынды құрылғыларды толық өшіру;
- Қолданылмай тұрған зарядтағыштарды розеткадан ажырату;
- Ауа баптағыш пен жылытқышты тек қажеттілік туындағанда пайдалану, оңтайлы температураны сақтау;
- Құжаттарды екі жақты басып шығару;
- Лифттің орнына сатымен жүру денсаулыққа пайдалы;
- Кофеқайнатқыш, су диспенсері сияқты ортақ құрылғыларды тек қажет кезде қосу;
- Ноутбукты стационарлық құрылғыларға балама ретінде пайдалану;
- Әріптестермен энергияны ұтымды пайдалану тәжірибесімен бөлісу.
Холдинг деңгейінде энергия тиімділігін арттыру бойынша жүйелі шаралар қабылдануда. Бұл тек экономикалық емес, сонымен қатар экологиялық тұрақтылықты қамтамасыз етуге бағытталған қадам.
Электр қуатын үнемдеу — әрқайсысымыздың жауапкершілігіміз. Бүгінгі дұрыс шешім — ертеңгі тұрақты болашақтың кепілі.
