Астана күнімен құттықтаймыз!

39 көрініс
Астана күнімен құттықтаймыз!

Құрметті отандастар!

Сіздерді «QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамының ұжымы атынан елорданың төл мерекесі — келе жатқан Астана күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

Астана — Тәуелсіз Қазақстанның ең ірі жетістіктерінің бірі, мемлекеттігіміздің берік тірегі, болашаққа деген сенімнің, бейбітшілік пен бірліктің символы. Қысқа мерзім ішінде елордамыз өңірлік және жаһандық деңгейдегі маңызды орталыққа айналды.

«QazBioPharm» ұлттық холдингі үшін Астана – жаңа бастамалар мен ғылыми серпілістердің ордасы. Біз елорданың зияткерлік әлеуетін арттыруға, биотехнология, фармацевтика және биологиялық қауіпсіздік салаларында нақты үлес қосуға ұмтыламыз.

Осы мерейлі күні баршаңызға зор денсаулық, шығармашылық шабыт, амандық пен табыс тілейміз. Астана — әр қазақстандықтың жүрегіндегі мақтаныш. Елордамыз көркейіп, өркендей берсін!

Астана күнімен құттықтаймыз!