«Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

106 көрініс
«Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

«QazBioPharm» ұлттық холдингі» акционерлік қоғамы биологиялық қауіпсіздік мәселелері бойынша өзекті тақырыптарды талқылау, тәжірибе алмасу және биологиялық қауіпсіздік деңгейін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеу мақсатында 2025 жылғы 27-28 қарашада Астана қаласында «Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» тақырыбында халықаралық ғылыми-практикалық конференцияны өткізеді.

Аталған Конференция биологиялық қауіпсіздік саласындағы заманауи қатерлерді талқылау, ғылыми зерттеулердің нәтижелері мен практикалық жетістіктерімен алмасу, сондай-ақ осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты қалыптастыру алаңы болмақ.

Конференцияға қатысуға биологиялық қауіпсіздік, денсаулық сақтау, ветеринария, микробиология, фармацевтика және өзге де іргелес салаларда жұмыс істейтін халықаралық сарапшылар, ғалымдар, академиялық мекемелер мен ғылыми-зерттеу институттарының өкілдері, халықаралық ұйымдар, мемлекеттік органдар мен өндіріс компаниялары шақырылады.

 Бас демеушілер: Zalma LTD және Boehringer Ingelheim.

Конференция аясында биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ғылыми-техникалық шешімдерді дамыту және халықаралық ынтымақтастықтың негізгі аспектілерін қамтитын келесі тақырыптық бағыттар бойынша секциялық отырыстар өткізу көзделген:

1-секция. Эпидемиологиялық және эпизоотиялық жағдайды, сыртқы және басым ішкі биологиялық қауіп-қатер көздерін мониторингілеу

2-секция. Жұқпалы аурулар қоздырғыштарын анықтауға арналған диагностикалық құралдарды әзірлеудің заманауи тәсілдері

3-секция. Инфекциялық ауруларға қарсы иммунобиологиялық препараттарды әзірлеудің технологиялық трендтері

4-секция. Микроорганизмдердің дәріге төзімділік проблемалары және оны шешу жолдары.

Сонымен қатар, Конференция аясында ғылымды қажетсінетін өнімдер көрмесі өтеді.

 

Конференция сайтына өту

«Жаһандық қатерлер жағдайындағы биологиялық қауіпсіздік: қарсы іс-қимылдың ғылыми-технологиялық тәсілдері» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

Документы